Тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Журналистің айтуынша, ол жаңа кітабын баспаға тапсырып, оқырмандарынан қолдау сұраған.
«Жасың құтты болсын, оқырманым! Отпан таудың басынан ұшқын алған жүрек-жалыны сөнбесін! Бар бастамаң жемісті болсын, жақсыларым! Олай болса, мен де тәуекел етіп, амал жасадым: кітабымды баспаға тапсырдым. Тағдыры сәтті болсын деп Аллаға тапсырдым! Тілеуімді тілеп қойыңыздар», — деп жазды ол.
Тележүргізушінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, оқырмандар оған ақ тілектерін жаудырды.
Көпшілік жаңа кітаптың жарыққа шығуын асыға күтетінін айтып, авторға шығармашылық табыс тіледі.