🏛️ Саясат

Тоқаев 2026 жылғы әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Тоқаев 2026 жылғы әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметті өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды әскерге кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды деп жазды ozgeris.info сайты akorda.kz порталына сілтеп.

Құжатқа сәйкес, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген сарбаздар 2026 жылдың наурыз–маусымында және қыркүйек–желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылады.

Сонымен қатар, 18 жастан 27 жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтар осы кезеңдерде мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті әскери басқару органдары арқылы азаматтарды әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастырып, оның орындалуын қамтамасыз етеді.

Ал Қазақстан Үкіметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі әскерге шақырылған азаматтарды әскери бөлімдерге жөнелтуді және мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздарды запасқа шығаруды қаржылық және материалдық тұрғыда қамтамасыз етеді.

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Барлық жаңалық