Атырауда 58 жастағы мұғалімді күйеуі пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Оқиға 16 наурызға қараған түні болған.
16 наурыз 03:30 шамасында полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адамның қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. Қазір аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
— 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, —деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Марқұм қаладағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Педагогика саласында тәжірибесі мол, бір кездері мектеп директорының орынбасары қызметінде де болған.