Атырауда патрульдік полиция қызметкері қызметтік өкілетін пайдаланып алаяқтық жасағаны үшін сотталды деп хабарлады ozgeris.info сайты.
Іс материалдарына сәйкес, жергілікті тұрғынды полиция қызметкері наркологияға апарып, кейін мәселені «шешіп беремін» деп ақша талап еткен. Ол күдіктінің әйеліне телефонынан 10 млн теңге сұралатынын көрсеткен.
Кейін келіссөз барысында сома 700 мың теңгеге, кейін 1 млн теңгеге дейін төмендеген. Отбасы бұл қаражатты қарызға алып, көрсетілген есепшотқа аударған.
Алайда біраз уақыттан кейін ер адам бәрібір наркологиялық есепке қойылған. Осыдан кейін жәбірленуші құқық қорғау органдарына жүгінген.
Тексеру барысында:
ешқандай ресми «іздеу» болмағаны анықталды
полицейдің әрекеті алаяқтық ретінде бағаланды
Сот үкімімен бұрынғы патрульге:
10,6 млн теңге айыппұл салынды
полициядағы шені алынды
мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды