Жаңалықтар

Атырауда 9-сынып оқушысы қызды жарақаттады

Атырауда 9-сынып оқушысы қызды жарақаттады

Атырау қаласында мектепте болған оқиғада жараланған қыз жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы орташа ауыр, бірақ тұрақты деп хабарлады ozgeris.info сайты.

Оқиға жекеменшік Binom мектебінде үзіліс кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сынып оқушысы 8-сыныпта оқитын қызға үшкір затпен жарақат салған.

Зардап шеккен қыздың кеуде, қол және мойын тұсынан жарақат алғаны хабарланды.

Күдікті оқушыны полиция ұстап, қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

Мектеп басшылығының айтуынша, күдікті бұған дейін тәртібімен ерекшеленбеген, тек оқу үлгерімі бойынша артта қалған оқушылар қатарында болған.

Оқиғадан кейін:

  • Күдіктінің ата-анасына айыппұл салынды

  • Binom мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Барлық жаңалық