Жарқын Байділдә есімді белсенді желі қолданушысы, блогер танымал продюсер Баян Мақсатқызы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Бұл туралы ол TikTok парақшасында айтты.
"Баян Мақсатқызын иттің етінен жек көремін. Осыдан 13 жыл бұрын Баян: егер әйел 10 рет отырып, тұра алмайтын болса онда ол әйел емес, деген сөзін теледидардан естіп тіпті жек көріп кеткенмін. Сол кезде мен әйел деген - ана, дана, қамқоршы, отбасының ұйытқысы емес пе? Отырып, тұруы несі?, деп ойладым. Ал қазір Баянның айтқан сөздеріне қосыламын", - деді ол.
Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
"Баянға сен оны жақсы көресің бе, жек көресің бе бәрібір", "Баяндай болып ал", "Біреу саған ұнауға міндетті емес", "Не айтқанын өзі түсінді ме", деп жазды оқырмандары.