Жаңалықтар

Алматы облысындағы астық сақтау қоймасында жарылыс болды: бір адам қаза тапты

«АзияАгроФуд» АҚ құрамдық зауыты аумағында ұн тозаңы жарылып, бір қызметкер көз жұмды, тағы үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты кәсіпорынның ресми ақпаратына сілтеме жасап.

Оқиға орнында зардап шеккендердің барлығы зауыт қызметкерлері. Олардың қазіргі таңда Қарасай аудандық орталық ауруханасында ем қабылдап жатқаны хабарланды.

«Өкінішке қарай, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір қызметкер қайтыс болды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Біз ішкі тексеріс бастадық және оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін тиісті органдармен толыққанды жұмыс істеп жатырмыз», — деді «АзияАгроФуд» АҚ басқарма төрағасы Саян Ашенов Orda.kz порталына берген түсініктемесінде.

Оның айтуынша, компания барлық материалдық жауапкершілікті өз мойнына алады. Зардап шеккендер мен марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетіледі, сондай-ақ оңалту кезеңінде қолдау жасалады.

♬ оригинальный звук - Мырзабек Оспанов
Барлық жаңалық