Алматы облысы

Алматы облысында өлімге апаратын жол апаты болды: 13 жасар баланың бұған кандай қатысы бар (ВИДЕО)

Алматы облысында өлімге апаратын жол апаты болды: 13 жасар баланың бұған кандай қатысы бар (ВИДЕО)

13 қазан түнде, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылында ВАЗ және Hyundai Grandeur көліктері қатысқан өлімге әкеп соққан жол апаты болды. Hyundai Grandeur көлігінің рулінде 13 жастағы бала болуы мүмкін деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

 

Әлеуметтік желілерде апат орнының кадрлары тарады. Кадрларда сынған көліктер мен зардап шеккендердің бірі көрсетілген, оның айналасына ауыл тұрғындары жиналған.Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат сағат 00:30 шамасында орын алған. Алдын ала деректер бойынша, ВАЗ жүргізушісі негізгі жолда келе жатқан Hyundai көлігін өткізіп жібермеген. Апат салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапқан. Ал Hyundai көлігінің екінші қатысушысы әртүрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілген.

 

Әлеуметтік желілерде Hyundai Grandeur көлігін 13 жастағы жасөспірім жүргізген болуы мүмкін деп хабарланып жатыр, бірақ бұл ақпарат әлі полиция тарапынан расталған жоқ.

 

Оқиға фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

 

 

Барлық жаңалық