Қаржы министрлігі 854 блогерге салық міндеттемелерін орындау қажеттігі туралы ескерту жіберді, деп жазады Ozgeris.info.
Ведомство мәліметінше, олардың 620-сы декларация тапсырып, жалпы 18,14 млрд теңге кірісін жариялаған. Ал 234 блогерге қатысты құжаттық салықтық тексерулер жүргізіліп жатыр, тағы жеті адам бойынша сот процестері басталған.
Қаржы министрі Марат Такиев блогерлерді бизнес жүргізуге және салықты уақытылы төлеуге жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сондай-ақ мемлекет цифрлық сектордағы бақылауды күшейтуді жалғастыратынын атап өтті.