Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасында 38 борышкерге қатысты ҚК-нің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істер сотқа жолданып, борышкерлерге қатысты сот үкімдері шықты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл Республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерге қатысты тіркеліп сотқа жолданған қылмыстық істердің 9% құрауда.
"Соңғы сот үкімі бойынша 4 млн теңге алимент берешегі бар борышкер ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Аудан прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚК-тің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.