Әнші Айқын Төлепберген жаздың соңғы күндерін отбасымен бірге Түркияда өткізіп жүр, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алдымен демалысқа өнер иесінің ата-анасы, жұбайы мен балалары аттанған. Қазақстандағы жұмыстарын аяқтаған Айқын кейінірек отбасының қасына қосылған.
Қазір әнші балаларымен бірге тынығып, ұлы Санжардың туған күнін атап өтуде. Түркияға Айқынның алғашқы некесінен туған балалары да барған. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан олардың әкесімен бірге уақыт өткізіп жүргенін көруге болады.
Желі қолданушылары әншінің балаларын бөліп-жармай, барлығын бірге демалысқа алып барғанына сүйсінді. Оқырмандардың кейбірі Айқынның бұрынғы сұхбаттарының бірінде әр баласына баспана алып қойғанын айтқанын еске салды.
Пікірлердің біріне жауап берген өнер иесі жуырда қызы Аруға да үй сыйлағанын жеткізді. Осыдан кейін желі қолданушыларының бірі оны «бес жұлдызды әке» деп атады.
Сондай-ақ оқырмандар Айқынның барлық баласына бірдей көңіл бөлуіне қолдау көрсетіп жүрген Жұлдыз Өмірғалидің отбасылық ұстанымын жоғары бағалап, оның парасаттылығына тәнті болды.