Танымал боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол желідегі парақшасында жазба жариялап, көпке ескерту жасады.
"Менің бір ғана Саида есімді заңды әйелім бар. Ол орамалда еді, бірақ кейін шешті. 7-8 жылдай орамалда болды. Әйелім келді ме, кетті ме шаруаларың қанша? Өз өмірлеріңді сүріңдер", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары оның бұз сөздеріне ашуланып, түрлі пікір қалдырды.
"Қазақты көкке көтерген ұлдың айтып отырған әңгімесі мынау", "Оны неге жария етіп жүрсің", "Адасқан екенсің", "Шаруамыз да жоқ", - деп жазды оқырмандар.