Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде жаңа арал табылды, деп хабарлайды
Caspian Holiday компаниясының негізін қалаушы Ерболат Мұхашовтың айтуынша, оның пайда болуы теңіздегі су деңгейінің төмендеуімен байланысты. Осы бір ерекше құрлық бөлігіне барып, оны әуеден түсіріп алудың сәті түсті.
Мұхашов атап өткендей, соңғы төрт-бес жылда Каспийдің солтүстік бөлігінде жаңа аралдар пайда бола бастады. Негізінен сөз Құлалы, Морской, Святой, Подгорный, Үшарал, Маяшыққан және Долгий аралдары аумағы туралы болып отыр, онда сондай-ақ Каспий тюленьдері (итбалықтары) мекендейді.
Таяуда қалыптасқан құрлық бөліктерінің бірі — Рыбачий аралы. Ол Святой аралынан шығысқа қарай шамамен 500 метр жерде және Баутино ауылынан шамамен 30 километр қашықтықта орналасқан.
Мұхашовтың айтуынша, бұл аумақ Солтүстік Каспийдің табиғи ландшафтының бір бөлігіне айналып үлгерді. Бұл жерде қасқырларды, жабайы шошқаларды және борсықтарды кездестіруге болады, ал жағалаудағы суларда балықтар мен құстардың әртүрлі түрлері мекендейді.
Жаңа аралға бару Каспий теңізін қорғаушы әрі эко-сарапшы Данияр Ақымжановтың қолдауымен жүзеге асты.
«Бұл аумақ өзінің таңғажайып әрі көркем табиғатымен ерекшеленеді», — деп атап өтті джип-турлардың негізін қалаушы.
Рыбачий аралын құс ұшар биіктіктен таспаға түсіріп алудың мүмкіндігі туды. Кадрлардан Каспий теңізі деңгейінің үздіксіз өзгеруі аясында акваторияда пайда болған құрлық алқабын көруге болады.