Шоу-бизнес

«Мен де зорлық-зомбылық көрдім»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

«Мен де зорлық-зомбылық көрдім»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

Танымал әнші Айгүл Иманбаева тұрмыстық-зорлық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Өнер иесінің айтуынша, бала кезде де, есейген шағында да зорлық-зомбылық көрген. 

"Маған әріптесім Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" фильмінде басты рөлді сомдауды ұсынды. Сценарийін оқыдым. Алайда соңына дейін оқып шыға алмадым. Көзімнен жас тоқтамай, аяқ қолым дірілдеп кетті. Бала кездегі барлық травмам оралғандай болды. Содан Баянға кері хабарласып "Мен мына рөлде ойнай алмаймын. Мен үшін өте ауыр тақырып" дедім. Баян қазір режиссер Асқар Ұзабаев хабарласады деді. Режиссер хабарласып барынша мені көндіруге тырысты. Бірақ мен жылап тұрып "Психологпен жұмыс істеп жүргеніме 6 жыл болды. Мен ойнай алмаймын" дедім. Бала кезде ата-анамыздың арасындағы зорлық-зомбылықты көрдік. Есейе келе ол өзімнің жеке өмірімде де көрініс тапты. Сондықтан балалардың көзінше ұрыспаңыздаршы. Балаларға тек жақсы нәрселер көрсетіңіздерші", - деді әнші. 

Оқырмандар оны қолдап, пікірлерін ортаға салды. 

Барлық жаңалық