Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайрат» клубының қорғаушысы Еркін Тапалов әлеуметтік желіде бейтаныс арумен түскен суретін жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
32 жастағы футболшы Instagram парақшасына жариялаған ортақ суретіне: «А», – деп қысқа ғана жазба қалдырған.
Спортшының жаңа жазбасынан кейін әлеуметтік желі қолданушылары оның жеке өміріне қатысты түрлі болжам айта бастады. Оқырмандардың назары суреттегі аруға ғана емес, футболшының жазбаға қалдырған белгісіне де ауған. Көпшілік спортшының бұрын үйленгенін және әйелімен ажыраспас бұрын жас қызбен көңіл қосқанын жарыса жазуда.
Дегенмен Еркін Тапалов суреттегі бойжеткеннің кім екенін және олардың арасында қандай қарым-қатынас барын нақтыламады. Сондай-ақ футболшының отбасылық жағдайына қатысты ресми ақпарат жарияланған жоқ. Сондықтан желіде айтылған пікірлер әзірге тек болжам күйінде қалып отыр.