Шоу-бизнес

«Келін бөлек шығайық деді»: Жеңіс Ысқақова ұлының екі рет үйленгенін айтты

«Келін бөлек шығайық деді»: Жеңіс Ысқақова ұлының екі рет үйленгенін айтты

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова отбасы жайлы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Өнер иесінің айтуынша ұлы екі рет үйленген. 

Менің балам екі рет үйленген. Оны бүкіл Қазақстан біледі. Бірінші үйленгенде келін бөлек шығайық деді. Ұлым бөлек шықпаймыз, біз осы шаңырақта бәріміз бірге тұрамыз. Бөлек шыққың келсе өзі кете бер деді. Келін кетіп қалды. Менің ол жерде қатысым жоқ. Ол кезде балалар өздері тұрды. Мен Астанада тұрдым. Сол кезде орталарында болған әңгіме. Келгеннен кейін экс-келіннен "Не болды? Не жағдай болды?" деп сұрадым. Сізге ешқандай претензиям жоқ деді. Сондай заман. Сонда келіндер енеге претензия шығара алады екен. Аллаға шүкір, қазіргі келінімді "сәнім" деймін. Құдайдан сұрап алғанмын. Аллаға сансыз шүкір деймін. Маңдайынан сүйіп отырамын. Бірге тұрамыз. Ол келінге бөлек шығыңдар десем шықпаймыз дейді. Мен бірдеңе дұрыс болмаса ескерту жасаймын. Алдында 1-2 рет ескерту жасап едім, жылап қалды", - деп жазды. 

Барлық жаңалық