Танымал әнші Жеңіс Ысқақова шоубизнестегі қазіргі жастарға көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
"Қазіргі жас әншілерді түсінбеймін. Сахнаға шығып алып, мысықтар құсап көздері аларып, өз-өздерін сипап тұрады. Сен әніңмен халықтың жүрегінен орын алуың керек. Сұхбаттарын тыңдасам қарным ашады. Сауатсыздар! Сөзді дұрыс айтпайды. Ия мықты өнерлі бала шығар бірақ оқу керек. Айтар сөзіңді дұрыстап жет кізуің керек. Әнші деген халықтың айнасы. Оларға қарап біздің немерелер өседі. Әнші сақау болса, балам да сақау болады. Сосын бір әнді үш тілде айтады. Оның не пайдасы бар?", - деді ол.