"ozgeris.info".
Білім және ғылым
30-дан астам оқушы АҚШ-қа жолдама жеңіп алды
03.03.2022
109
30-дан астам қазақстандық оқушы робототехникадан FIRST халықаралық чемпионатының ұлттық финалының қорытындысы бойынша АҚШ-қа жолдама жеңіп алды. Олар әлемнің 200 беделді университетінің бірінде оқу үшін грант пен шәкіртақы алуға мүмкіндік беретін FIRST Alumni мәртебесінің иегерлері.
Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 700-ден астам оқушы қатысты. Нәтижесінде 4 оқушы Сулейман Демирель атындағы университетте оқуға мүмкіндік беретін грант ұтып алды. Сонымен қатар чемпионатқа қатысқан 10 команда Мәскеу қаласындағы FIRST жарысына, ал Красноярск қаласына 6 команда аттанады.
«Биыл қатысушылар «Жүк тасымалы» тақырыбы бойынша тапсырмалар орындады. Сондықтан оқушылар өздері ойлап тапқан шағын жүктерді тасымалдайтын, тауарларды сұрыптайтын және кедергілерді айналып өтетін роботтарды таныстырды. Чемпионаттың қорытындысы бойынша төрт команда АҚШ-қа жолдама жеңіп алды. Сонымен қоса Алматы, Семей және Түркістан облысынан 4 оқушы білім гранттарын жеңіп алды. Чемпионатқа еліміздің шағын ауылдары мен қалаларынан келген мектеп оқушыларын атап өткім келеді. Бұған дейін Түркістан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола облысының Атбасар қаласында мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне робототехникадан тренингтер мен жарыстар өткізіп, балалар мен оқытушылардың қызығушылығын көрдік. Олар чемпионатқа келіп, білім жағынан үлкен қалалардың оқушыларынан кем түспейтініне көздерін жеткізе алды», - деп айтты Қазақстандағы FIRST робототехника бойынша халықаралық жарысының ұйымдастырушысы Нұрдәулет Досмағамбет.
Оқушылардан бөлек, тағы алты мұғалім «Best Mentor Award» номинациясы бойынша FIRST марапаттарына ие болды. Осы марапат иегерлерінің бірі Әсем Қасым Қарағанды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында информатика мен спорттық робототехникадан сабақ береді.
Айта кетейік, FIRST ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылар мен мұғалімдердің қатысуы үшін ұсынған олимпиадалар тізіміне енгізілген. Жыл сайын FIRST жарысының ұйымдастырушылары 6 мен 18 жас аралығындағы балалар арасында түрлі байқаулар өткізеді. Әр сайыс тақырыбы мен тапсырмалардың күрделілігімен ерекшеленеді. Тапсырмалар нақты әлемдік мәселелермен байланысты, атап айтқанда, өнеркәсіпті автоматтандыру, тау-кен өндіру, қалдықтарды өңдеу, ғарышты зерттеу, биомедицина және басқа да маңызды тақырыптарды қамтиды.
-
Фейк видеоға байланысты Мұхтар Шахановтың келіні ашық үндеу жасады22:31, 07 ақпан 2026
-
Президент Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларына нақты тапсырмалар жүктеді.22:21, 07 ақпан 2026
-
16 млн теңге: «Қазақмыс» атымен алдағандар жауапқа тартылуда15:19, 07 ақпан 2026
-
Нұрлан имам биыл да АҚШ-тағы Трамптың қайырымдылық асына қатысты (ФОТО)17:15, 06 ақпан 2026
-
Жасанды интеллект зауыттарға қалай кіріп жатыр?17:05, 06 ақпан 2026
-
Жаңа Конституция: Үкімет кәсіпкерлерге қандай уәде беріп отыр?16:45, 06 ақпан 2026
-
-
Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына кіруге 50 жылға тыйым салынды16:00, 06 ақпан 2026
-
"Пәтер сұрауға ұялдым": Роза Рымбаева Назарбаевпен кездесуі жайлы айтты (ВИДЕО)15:21, 06 ақпан 2026
-
"Жаңа Конституция ұзақмерзімді серіктестікке жол ашады" – Олжас Бектенов15:10, 06 ақпан 2026
-
-
Атырау облысындағы жоғалған отбасы: ел естімеген дерек шықты04:18, 03 ақпан 2026
-
-
"Шөп шегейік деді": Танымал психолог Мақпал Қаратайдың бар былығын ашты (ВИДЕО)17:28, 02 ақпан 2026
-
-
-
-
-
-
-
"Жарқын жүзін сағындым": Асанәлі Әшімовтің жары жан тебірентер жазба жариялады (ВИДЕО)15:30, 13 қаңтар 2026
-
«Аяғы ауыр сияқты»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)17:25, 16 қаңтар 2026
-
"Қимаймын, амал қанша": Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді (ФОТО)16:18, 16 қаңтар 2026
-
«Көріпкел, емшілер жаза бастады»: 156 келіге жеткен Рамазан Амантай шындығын айтты06:00, 27 қаңтар 2026
-
"Қаншама күнә жинады": Сара Назарбаеваға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)17:12, 14 қаңтар 2026
-
-
-
"Қатты өкінемін": Марқұм Мұрат Бисенбиннің соңғы сұхбаты тарады (ВИДЕО)12:21, 09 қаңтар 2026
-
«Тағы бір қайғы»: Асанәлі Әшімовтің отбасы тағы қара жамылды08:45, 26 қаңтар 2026
-