Әнші Ерке Есмахан 41 жасын отбасымен бірге атап өтіп жатқаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Күйеуі Райммен бірге мерекелік көңіл күйде болған Ерке Есмахан оқырмандарына тосын сый да дайындаған. Ол туған күніне орай парақшасындағы рилске лайк басып, құттықтау пікір қалдырғандар арасынан 100 мың теңге көлемінде сыйлық беруге уәде етті.
«Туған күнім келіп жетті! Қазір күйеуіммен бірге тортпен шай ішіп отырмыз, ал ұлдарым қасымызда пысылдап ұйықтап жатыр. Шүкір! Туған күнімді атап өтуге арналған рилсқа лайк басып, құттықтау пікір жазғандарға 100 мың теңге шашу жасаймын. Торт жеген соң добрая болып отырмын», – деп жазды әнші.
Оқырмандары бұл бастаманы жылы қабылдап, көпшілігі құттықтау пікір қалдырды.