Freedom bank: Қаржы әлемінің данышпаны ма әлде қауіпті мина ма?

Фото: ulysmedia.kz

Әлеуметтік желіде қоғамда танымалдылығы артып келе жатқан Freedom банкіне қатысты тың ақпарат шықты. Ащы шындықтан қорықпайтындар үшін банктің осал тұстары мен болашағына жасалған болжаммен бөлісейік.

Freedom банк туралы бейресми, бірақ толық зерттелген талдау ұсынылды.

 

 

Посмотреть в Threads

 

Бұрын нарықта Freedom Finance деген компания болған. Ол брокерлік қызметтер көрсетіп, акциялармен сауда жасап, комиссиялар арқылы табыс тауып отырған. Арада біраз уақыт өткенде компания басшылығы артта қалып келе жатқанын түсінеді. Биржа арқылы тауып отырған комиссия жақсы болғанымен, тұрақсыз. Қаржылық экожүйелер трендке шыққан кезде, Kaspi банк бірден іліп алып, қазірдің өзінде бір қосымша арқылы несие, сақтандыру тіпті қызметтің түр-түрін алуға болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ банкті басқарудың тиімді жолдарын да түсінді: клиенттердің ақшасына ғана емес, олардың депозиті, несиесі, жалақысына қол жеткізу.

Көп ойлана келе, 2020 жылы банк сатып алады да, оны Freedom деп атап, нарықты жаулауға асықты.

Төрт жыл ішінде банк халыққа 100 миллиардтан аса ипотека мен цифрлік несие беріп, триллиондаған табыс тапты. Кейін өздерінің брокерлік карталарын таратып, халықты «кешбэк» жүйесіне байлап қойды. Нәтижесінде 615 миллион доллар табысқа кенелді. Пирамидаға ұқсайтын өте ақылды шешім.

Freedom Bank – кеше ғана банкротқа ұшырай жаздаған Tesla сияқты

Брокерлік қызметті тұрақсыз деп тапқан Freedom Holding Corp. 2019 жылы IPO жасап, брокерліктен экожүйе құруға ауысады.  2020 жылы холдинг Kassa Nova банкін сатып алып, оны Freedom Bank деп ребрендинг жасап, өз экожүйесін құра бастады:

  • Цифрлық банк. Ешқандай филиалдарсыз, барлығы мобильді қосымша арқылы.
  • Несие алу барынша оңай. Адамның қатысуынсыз.
  • Freedom Finance-мен толық интеграция. Акцияларға инвестиция жаса, сол акцияларды кепілге қойып несие ал, “фридом-валютамен” табыс тап.

Банктің негізгі мақсаты, алдымен барынша клиенттерді банкке қызықтырып тарту, кейін барлығын соларға қайта сату.

Freedom Bank нарықты қалай жаулап алды?

  1. Freedom Bank-тың басты ерекшеліктерінің бірі – онлайн несиелеу. Жеңілдетілген несие 5 минутта беріледі, ал тәуекелдерге кім жауап береді?

Негізгі өнімдер:

Цифрлық ипотека

  • 70 млн теңгеге дейін, 20 жылға
  • 100% онлайн
  • Қағазбастылық жоқ

Нәтижесінде 2023 жылы қазақстанның барлық банктері бұл жүйені көшіре бастады.

Цифрлық автонесие

  • 50 млн теңгеге дейін, 7 жылға
  • Банкке барудың қажеті жоқ
  • Ресми дилерлермен жұмыс істейді

Freedom кредит картасы

  • 30% ға дейін кешбэк береді, алайда бұл ақшаны тек фридом-валютасында экожүйе ішінде ғана жұмсай аласың. Әрине, жоқтан бары жақсы.
  1. Қаржылық экожүйе: еркіндік пе, әлде қақпан ба?

Freedom Bank клиентті экожүйеге кіргізіп, оны сол жерге байлап қоюға барлығын жасап жатыр. Мысалы Freedom SuperApp қосымшасы іске қосылды. Оның ішінде барлығы бар:

  • Банктік шоттар, карталар, депозиттер
  • Несие
  • Брокерлік қызметтер (акцияларды бірден сатып алуға болады)
  • Сақтандыру, билеттер, маркетплейс

Теңгенің орнына фридом-валюта

  • Кешбэк теңгемен емес, ішкі валютамен беріледі
  • Оны тек холдингтің қызметтеріне жұмсауға болады (әзірге қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкіндігі бар)

Инвестицияға басымдық

  • Freedom Holding акцияларымен кешбэк алу
  • Акцияларды кепілге қойып несие алу

Нәтижесінде клиент Freedom Finance-ке байланады да, аталмыш жүйеден шыға алмайтын жағдайға жетеді.

Freedom Bank-тың болашағына болжам

Қазіргі жағдай бойынша банктің активтері 2,2 трлн теңгеге бағаланып отыр. Банктің қызметімен бір миллионан аса клиент қолданады. Қазақстандағы ең үздік цифрлік ипотеканы ойлап тапты. Мобильді қосымшасы ішкі валютасына біріктірілген жүйені жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда банк елдегі басқа компаниялармен салыстырғанда қарқынды дамып келеді. Алайда бұл сәттілік қашан аяқталады?

Қаржы әлемінде дамудың екі түрі бар:

  • Біріншісі, инновация ойлап тауып, артынан тұтынушылар мен бәсекелестерді тарту;
  • Екіншісі, өз өнімдеріне жасанды сұраныс жасап, кейін халықтың сенімін жоғалту.

Freedom Bank қазір осы екі сценарийдің ортасында тұр. Ол жарқын болашаққа апаруы да, қаржылық дағдарысқа әкелуі де мүмкін.

Олар несие беруді брокерлік қызметтермен шебер біріктіре білді, ыңғайлы интерфейсі бар цифрлық банк құрды. Олар клиенттерді ішкі валютасы арқылы ұстап қалудың амалын тапты. Ішкі “фридом-валюта” әзірге жұмыс істеп тұр. Алайда клиенттер оны жаппай қолма-қол ақшаға айналдырғысы келсе, не болары белгісіз.

Freedom Bank цифрлық сервис пен жылдам несие үшін жақсы таңдау. Алайда тұрақтылық пен ішкі валютасы күмән тудырады. Freedom-ның кредит картасы беретін кешбэк олардың экожүйесіне тәуелді екенін ұмытпаған жөн.

Не болуы мүмкін?

  • ⁠ ⁠Кассалық шығын. Егер бір уақытта барлық клиенттер өз ақшаларын шешіп алғысы келсе, банк теңселе бастайды.
  • ⁠ ⁠Мемлекеттік реттеу. Ұлттық банк келіп, банктің тым жеңіл несие беруіне күмән білдіруі мүмкін.
  • ⁠ ⁠Бәсекелестер оянады. Kaspi, Halyk және басқа банктер Freedom-ға нарықты еркін жаулап алуға жол бермейді.

Әрине, дәл қазіргі уақытта Freedom банк қандай жағдай болмасын, тек өсуін ойлап отыр. Дегенмен, ерте ме, кеш пе, кез келген бизнес өзінің мұндай жолды таңдамай дами алатынын дәлелдеуі керек. Қалай десек те, алдағы 3-5 жылда банктің тағдырын уақыт өзі шешеді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!