Сара Назарбаева 85 жасында өмірден озды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Назарбаева 85 жасында дүние салды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты ORDA порталына сілтеме жасап.

Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталмаған.

Сара Алпысқызы соңғы бірнеше апта бойы Алматыдағы Президент істері басқармасына қарасты Ұлттық госпитальда емделіп жатқан. Алдын ала деректерге сүйенсек, бүгін оны жасанды тыныс алу құрылғысынан ажырату туралы шешім қабылданған.

Ауруханадағы жағдай

ORDA журналистері қазіргі уақытта аталған емдеу мекемесінің алдында. «Совминка» аумағында қауіпсіздік күшейтілген — қақпа маңында қара костюм киген адамдар мен қосымша күзетшілер жүр.

«Күзет қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күшейтілді», — деп түсіндірді полиция қызметкері.

Бұрын бұл аумақпен еркін қозғалу мүмкін болса, қазір өту шектелген. Журналистердің мәліметінше, аурухана маңына жаңа қоршаулар орнатылған.