Ресей қазақтарды келісімшарт бойынша соғысқа жіберіп жатқаны рас па

Фото: threads.net

Тhreads әлеуметтік желісінде ТМД елдерінің азаматтарын әскери қызметке шақыратын ақпарат пайда болды. Желі қолданушысы Ресейлік пошта қызметінің сайтында жарияланған жарнамамен бөлісіп, бұл қаншалықты заңды деген сұрақ қойды.

 

 

Посмотреть в Threads

 

Жарнама мәтініне сүйенсек, ТМД елдерінің азаматтарын келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырып жатыр. Жас ерекшелігі де, соттылығы да маңызды емес. Жол ақысын да басқа да шығындарды өздері өтейді. Тіпті соңында Ресей азаматтығын алуға мүмкіндік береді. Бұл үшін 19 млн теңгеден асатын жалақы ұсынады (3 500 000 рубль).

«Ресейдің қазақтарды осылайша вербовка жасап жатқанынан билік хабардар ма екен?»

«Бұл заңды ма? Теориялық тұрғыдан алғанда, олар келісімшарт бойынша өз отанына қарсы шыға алады, егер сондай бұйрық келсе».

«Аталмыш әлеуметтік желілерін Кремль бақылап отыр. Қолданбаған дұрыс».

«Бұл деген өміріңе балта шабу. 99% соғысқа жібереді, өлесің немесе түрмеге қамаласың».

«Ешқандай патриотизмнің жоқтығының тағы бір дәлелі. Барлығын ақша шешеді. Ақша үшін тағдырын құртып, немесе мүгедек болып қалғысы келетін ақымақтар ғана осыған сенеді. Сол себепті Ресей басқа елдерге жарнамасын жариялап жатыр. Көп елдерде жалдамалы әскери қызмет заңмен қудаланады. Бүгін ақша таптың, ал ертең түрмеге түсуің мүмкін», — деп жазып жатыр халық.

Mail.ru желісінде пайда болған жарнама басқа да Ресейлік сайттарда пайда болған.

 

 

Посмотреть в Threads

 

Жарнамасы жер жаратын әскери қызметтің шарттарын зерттеп көрейік. Көз қызықтыратын жалақыдан бөлек, олар түрлі әлеуметтік жеңілдіктер де ұсынады.

  • ⁠1,5 жастан бастап кез келген балабақшаға және мектепке тіркеусіз және кезексіз қабылдау, мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде балаларды тегін тамақтандыру.
  • Егде жастағы жақын туыстарға көмек (үйде әлеуметтік қызметкерлердің көмегі, денсаулық жағдайына байланысты геронтологиялық орталықта тұру).
  • ⁠ТКШ қызметтеріне субсидиялар.
  • Несие және салық демалысы.

СВО-ға қатысушылар үшін РЕСЕЙ АЗАМАТТЫҒЫН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТӘРТІППЕН АЛУ.

Бағдарлама бойынша келісімшартқа кім тұра алады?

•⁠ ⁠Жас мөлшері маңызды емес (60 жастан жоғары – медициналық комиссияның шешімі бойынша).
•⁠ ⁠Әскери қызмет тәжірибесі қажет емес.
•⁠ ⁠Денсаулық жағдайы бойынша жарамдылық санаттары: А, Б, В (жеке жағдайлар медициналық тексеріс нәтижелері бойынша қарастырылады).
•⁠ ⁠Кез келген әскери-есептік мамандық (ВУС) жарамды.
•⁠ ⁠Сотталғандығы өтелген және кешірім жасалған адамдар да қабылданады (сонымен қатар қарызы барлар және т.б.).

Қойылатын талаптар:

•⁠ ⁠Әскери билеттің болуы.
•⁠ ⁠Ресми жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттар жиынтығы (паспорт, СТН, СНИЛС, МӘМС полисі).

«Медициналық комиссиядан өтуге және құжаттарды қалпына келтіруге көмектесеміз. Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін кез келген елді мекеннен жинау орнына (Мәскеуге) дейін жол шығындарын өтейміз», — деп жазылған жарнама мәтінінде.

Айта кетейік, көптеген елдерде жалдамалы әскери қызмет заңмен қудаланады.

 

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей