«Қазақмыс трагедиясы»: Жекеменшік құтқару қызметтерінің тиімсіздігі мен мемлекет тарапынан бақылаудың жоқтығын көрсетті

Фото: Syrym Itkulov

17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде тау-кен массасы құлады. Апат кезінде жер астында 7 адамнан тұратын бір бригада жұмыс істеген.

Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 21 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылған. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына «Серіктес» АҚҚ-ның 2 бөлімшесі қосылды. Құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар жеті жұмысшының денесін тапты. Оларды аман алып қалу мүмкін болмады.

Ұлытау облысындағы шахтада болған апат бірқатар маңызды мәселелердің бетін ашты. Бұл трагедия өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек жағдайы, жекеменшік құтқару қызметтерінің тиімсіздігі және мемлекет тарапынан бақылаудың ақсап тұрғанын көрсетті.

⁠Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері

Елімізде орын алатын апаттардың басты себебі – ескірген жабдықтар мен қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігі. Қазақстандағы көмір және металл өндіретін кәсіпорындарда тозығы жеткен техника мен қауіпсіздік талаптарының орындалмауы жиі кездеседі. Кеніш компанияларына алдымен, шахтаны жаңалап, қауіпсіздік шараларын бұлжытпай сақтауды міндеттеу керек.

Жылдар бойы АМТ-дағы апаттар қайталанып келеді, бірақ жүйелі өзгерістер әлі болмады.  Жұмысшылар мен кәсіподақтар бірнеше рет дабыл қақса да, Үкіметтің құлағына әлі жеткен жоқ. 2023 жылы Қарағандыдағы Костенко шахтасында болған апат 46 кеншінің өмірін қиған еді. Бұл жағдай да бірнеше жылдан бері қордаланып келген мәселелерді күн тәртібіне шығарды. Талқылауға түрткі болған – кеншілердің ұжымдық шағымы. Олар видеоүндеу жасап, басшылықты сынға алған. Олар өндірістегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүргізілетін тексерулер тек формалды түрде жүргізілетініне шағымданған.

Кеншілердің жанайқайы Үкіметтің құлағына жетпеді. Нәтижесінде апаттың алдын алудың орнына, оның салдарымен күресіп келеміз.

Құтқару қызметтерінің жеке қолға өтуі

Апат кезінде құтқару жұмыстарының тиімділігіне қатысты да сұрақтар туындайды. Қазақстанда тау-кен өндірісіндегі құтқару қызметтері жекеменшік компанияларға тиесілі, ал бұл олардың тәуелсіз жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.

Жекеменшік құтқару қызметтері өздерінің тапсырыс берушілеріне тәуелді, сондықтан өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты заңбұзушылықтарды ашық айта алмайды. Егер олар өндіріс орындарындағы қауіптерді әшкерелесе, келісімшарттарынан айырылып, жұмыссыз қалуы мүмкін.

Бұл мәселе бұрын да көтерілген. Депутаттар мен құтқарушылар ПВАСС-ты (Кәсіби әскери құтқару қызметі) мемлекетке қайтару керектігін бірнеше рет ұсынған.

Қазақстанда кәсіби әскери құтқару қызметі (ПВАСС) 2015 жылы құрылды. Ол Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің құрамына кірген. Алайда 2018 жылы бұл қызмет “Кәсіби әскери құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы” ЖШС-не сатылды. Содан бері құтқару қызметінің жеке қолға өткені көптеген сұрақ тудырып келеді.

Костенко шахтасындағы апаттан кейін құтқарушылар видеоүндеу жариялаған. Олар басшылық тарапынан қысым көргендерін айтып, апат салдарын жою жұмыстарына қатыспаған. Бұл жағдай “АрселорМиттал Теміртау” (АМТ) компаниясының мәселелерді шешудің орнына, оларды елемейтінін көрсетті.

Осы оқиғадан кейін сенатор Сергей Ершов бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады. Ол кінәлілерді жазалап қана қоймай, кәсіби әскери құтқару қызметін мемлекетке қайтаруды талап еткен.

Ершовтың айтуынша, кәсіпорындағы апат елемізде жүйелі мәселеге айналды. Олардың негізгі себебі – ескірген жабдықты пайдалану.

Байқағанымыздай, бұл мәселе тек АрселорМиттал Теміртаудағы апатпен шектелмеді. Кеше Қазақмыстағы болған апат өкінішке орай тағы да шешілмеген мәселенің бетін ашты. Бұндай қайғылы оқиғалардың салдарынан адам өмірі қиылуда.

Құтқарушыларды мемлекетке қайтару дұрыс па?

Қазіргі таңда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау тиісті деңгейде жүргізілмейді. Себебі бұл қызметтер тәуелсіз ұйым ретінде жұмыс істемейді, олар кәсіпорынның өз құрамына кіреді.

Құтқарушылар да қызметті мемлекетке қайтаруды талап еткен. Олардың айтуынша, мемлекетке қайтару – апаттар мен олардың салдарын барынша азайтуға жол ашады.

Бұл мәселе 2021 жылы да көтерілген. Сенаттағы үкіметтік сағатта ТЖ министрі құтқару қызметтерінің жеке қолға өтуі болашақта үлкен қиындықтар тудыруы мүмкін екенін мойындаған болатын.

Депутаттар да алаңдаушылық білдірді. Ірі апат орын алған жағдайда, жекеменшік құтқару қызметтері келісімшартқа тәуелді болатынан айтқан. Ал жекеменшік компаниялар мемлекеттік органдарға қызмет көрсетуден мүлдем бас тартуы мүмкін.

Мемлекеттік бақылаудың әлсіздігі

Апат өндіріс орындарындағы мемлекеттік қадағалаудың жеткіліксіздігін тағы да көрсетті. Қауіпті кәсіпорындардағы тексерулер көбінесе формалды түрде өтеді, ал ереже заңбұзушылықтар жиі еленбей қалады.

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылау жүйесін реформалау қажеттілігі осы апаттан кейін тағы да анық байқалды. Қазіргі таңда кәсіпорындардағы қауіпсіздікті тексеретін инспекторлар көбінесе сол кәсіпорынның өзінде жұмыс істейтін қызметкерлер болып табылады. Бұл объективті бақылауға кедергі келтіреді.

Жұмысшылардың құқықтары мен еңбек жағдайлары

Шахтерлер мен тау-кен өндірісі жұмысшыларының жалақысы, еңбек жағдайлары, қауіпсіздігі және әлеуметтік кепілдіктері де басты мәселелердің бірі болып отыр. АМТ шахтерлері бірнеше рет еңбек жағдайларын жақсарту, жалақыны көтеру және қауіпсіздік талаптарын күшейту мәселелерін көтерген. Бірақ компания басшылығы бұл мәселелерді дер кезінде шешпеді.

Жұмысшылардың ұжымдық шағымдары мен кәсіподақтардың үндеулері жиі ескерусіз қалады. Бұл да апаттардың алдын алу мүмкіндігін азайтады.

⁠Қайталанатын трагедиялар және жауапкершіліктің болмауы

2023 жылдың маусымында бұл мәселе қайта көтерілді. Абай облысындағы алапат өртті сөндіру қиынға соққаннан кейін, депутаттар сол кездегі Үкімет басшысы Смайыловқа қайтадан сауал жолдады.

«Құтқару қызметтерін жеке қолға өткізу өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсартқан жоқ, керісінше, жағдайды ушықтырды», — деп мәлімдеді.

“Президент стратегиялық нысандарды жекешелендіру мәселесін қайта қарау қажеттігін бірнеше рет атап өтті”, – деді депутаттар.

Алайда экс-прьемер «кәсіби құтқару қызметін мемлекетке қайтару жекеменшік құтқару қызметтерін жоюға және олардың қызметкерлері арасында әлеуметтік шиеленістің артуына әкелуі мүмкін” деп жауап берген.

Үкіметтің айтуынша, жекеменшік құтқару қызметтері тапсырыс берушілерге тікелей тәуелді. Сол себепті олар өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша толыққанды тәуелсіз тексеру жүргізе алмайды. Егер олар өндіріс орнындағы заңбұзушылықтарды ашық айтса, келісімшарттан айырылып, жұмыссыз қалуы мүмкін.

Сонымен қатар, мемлекет қауіпті өндірістік нысандардағы апаттардың алдын алуға және азаматтардың өмірін құтқаруға толық кепілдік бере алмайды.

Басқа елдерде бұл жүйе қалай жұмыс істейді?

Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде мемлекеттік құтқару қызметтері табысты жұмыс істеп келеді.

  • ⁠ ⁠Ресей – 57;
  • ⁠ ⁠Беларусь – 26;
  • ⁠ ⁠Армения – 9;
  • ⁠ ⁠Қырғызстан – 7.

Қорытынды

Кешегі Ұлытау облысындағы шахтада орын алған трагедия өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нашарлығын тағы бір рет дәлелдеді. Мемлекет басшысы үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді. Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді. Бірақ жеке қолға өтіп кеткен кәсіби құтқару қызметтерін мемлекетке қайтару сұрағы сол күйі шешімін таппады. Біз тағы да апаттың алдын алмай, салдарын жойып жатырмыз.

Аталмыш апаттан соң бұл мәселе қайта қоғамда талқылануы мүмкін. Себебі бұл тек құтқарушылардың өмірі ғана емес, бұл мыңдаған жұмысшылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселе.

 

 

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей