Спорт

Өзбекстан атынан өнер көрсеткен қазақ боксшы Олимпиадада алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Өзбекстан атынан өнер көрсеткен қазақ боксшы Олимпиадада алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Бокстан Өзбекстан құрамасының мүшесі, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Париждегі Олимпиада ойындарында алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды Ozgeris.Info. 1/8 финалда 63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем және Азия чемпионы Абдуллаев шаршы алаңда мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен сенімді түрде жеңіске жетті – 5:0. Осылайша, ширек финалға шықты. Айта кетейік, 63,5 келіде Қазақстан намысын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қорғайды. Ол да бүгін кешке 1/8 финалдық кездесуін өткізеді.
Барлық жаңалық