Жаңалықтар
Түркістанда кәмелетке толмаған балаларға 100 мың теңгеге заңсыз діни сабақ өткізген
19.07.2023
121
Түркістанда кәмелетке толмаған 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізген адам анықталды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іс-шаралар өткізу барысында, кәмелетке толмағандарға заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтады.
Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыздарды заңсыз насихаттаған. Ал оқу ақысы 100 мың теңгені құраған. Күдіктінің мекенжайы бойынша тексеру жүргізу кезінде 68 бала діни бағыт бойынша сабақ алғаны расталды. Сондай-ақ оқушылар арасында Түркістан ғана емес, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Өзбекстан Республикасының балалары да білім алғаны анықталды.
Оған қоса полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен сараптамаға бағытталған 100-ден астам діни сипаттағы кітаптарды тәркіледі. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-бөлігі (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз діни қызметпен айналысқаны және діни әдебиеттерді таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
-
-
Президентіміз Рим Папасы Лев XIV-ні Астанаға шақырды: Сапардан не күтеміз?12:17, 08 мамыр 2026
-
Қызылорданың жаңа әкімі туралы не белгілі12:14, 08 мамыр 2026
-
-
Өскемендегі төтенше жағдай: Сегіз адаммен бірге көпір опырылып түсті10:19, 08 мамыр 2026
-
Қауіпті аймаққа – қызыл жолақ: "ҚазАвтоЖолдың" жаңа жобасы09:14, 08 мамыр 2026
-
-
-
«Күйеуге шығайын деп жатыр»: Дариға Бадықова жағымды жаңалығын жария етті04:00, 08 мамыр 2026
-
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылары рейтингінде «Канелодан» озды00:00, 08 мамыр 2026
-
-
"Бірінші рет емес": Әнші Ерболат Құдайберген шаңырақ көтерді (ВИДЕО)15:20, 07 мамыр 2026
-
-
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды13:02, 07 мамыр 2026
-
Қызылорданың әкімі қашан сайланатыны белгілі болды14:47, 07 мамыр 2026
-
Шетелдіктер неге теңгеге қызығып отыр?16:02, 07 мамыр 2026
-
«Alem.ai» Қазақстанды жаңа технологиялық белеске бастай ала ма?15:24, 07 мамыр 2026
-
Смартфон баланы жұта ма, әлде дамыта ма?15:02, 07 мамыр 2026
-
Бюрократия мен имитацияға тосқауыл: «Әділет» партиясының ымырасыз ұстанымы19:19, 07 мамыр 2026
-
-
-
-
-
-
"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты айтып берді (ВИДЕО)17:03, 04 мамыр 2026
-
-
-
Астана тұрғыны жұрттың көзінше әйелін аяусыз сабаған15:22, 01 мамыр 2026
-
-
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
"Өмір өте қысқа екен": Бейбіт Қорған марқұм анасын жоқтады (ВИДЕО)14:47, 15 сәуір 2026