Алматы қаласында 19 мамыр күні құрылыс нысанынан шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 25 жастағы Ерзат Егізбайдың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Жігіттің жоғалғаны туралы арызды 2026 жылдың 19 мамырында оның туған ағасы Азамат Егізбай Жетісу ауданының полициясына түсірген. Оның сөзінше Ерзат күндізгі сағат 14:30 шамасында Райымбек даңғылындағы 147Б үйдің маңында орналасқан жұмыс орнынан белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері жас жігіттің қайда екені беймәлім болды.
Марқұмды табу үшін қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы аяғынан тік тұрды. Іздеу жұмыстарына «Қоғам» және «Лидер KZ» еріктілер ұйымдарының мүшелері де қосылып, айналаны тінтіп, хабарландыру парақшаларын таратқан. Алайда ауқымды іздестіру шаралары ауыр қазамен аяқталып, жігіттің денесі қала аумағынан табылды.
«Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл ауыр қазаны еңсеруге сабыр мен күш тілейміз. Іздеу жұмыстары аяқталды... Өкінішке қарай, қаралы хабармен аяқталды», – деп хабарлады «Лидер KZ» еріктілері Instagram желісінде.