Жаңалықтар

Түркістан облысында үй салып жатқан екі адамды белгісіз біреулер атып кеткен

Түркістан облысында үй салып жатқан екі адамды белгісіз біреулер атып кеткен
Ауыр қылмысқа барғандар іздестірілуде, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 5 тамыз күні екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атып, қашып кеткен. Салдарынан үйдің иесі мен оған құрылыста көмектескен танысы қайтыс болды. Сондай-ақ құрылыста жүрген екі ер адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.
Барлық жаңалық