Шоу-бизнес

"Қор қылды-ау": Абай Бегейдің 17 жастағы қызы хиджабын шешті (ВИДЕО)

"Қор қылды-ау": Абай Бегейдің 17 жастағы қызы хиджабын шешті (ВИДЕО)

Танымал әнші Абай Бегейдің 17 жасында тұрмысқа шыққан қызы Сымбат Абайқызы орамалын шешті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Ол әлі бұл әрекетінің себебің түсіндірмеген. Тіпті мәлімдеме де жасаған жоқ. 

Алайда видеоларда оның орамалсыз жүргені анық байқалады. 

Өнер иесінің қызы орамалсыз әпкесі Ерке Абайқызы да желідегі парақшасына жүктеген. 

Желі қолданушылары Сымбаттың бұл әрекетін сынап түрлі пікір қалдырды. 

"Мерзімі бітті ме?", "Ойыншық болды ғой", "Өгей шешесіне еріп киіп еді", "Орамалмен әдемі еді", "Қор қылды-ау", "Қалай осынша жеңілтек болуға болады", "Жас қой не қылады орамал тағып", "Шешетіні бар неге тағады", - деп жазды оқырмандар. 

Барлық жаңалық