Қарағанды қаласында көпқабатты үйдің 4-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен төрт жасар баланың жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Қайғылы жағдай 12 сәуірде орын алған. «Вечерняя Караганда» паблигінің мәліметінше:
Бала терезеден құлаған сәтте ата-анасы көрші бөлмеде болған;
Бала аз уақытқа ересектердің қарауынсыз қалған;
Зардап шеккен бала ауруханаға политравмалармен, өте ауыр халде жеткізілді.
Дәрігерлер қазіргі уақытта баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Айта кетейік, бұған дейін Петропавл қаласында да екінші қабаттың терезесінен бала құлап кеткені туралы ақпарат тараған болатын.
Мамандар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға және терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуға шақырады.