Ақмарал Баққараева есімді келіншек өзін белгілі әнші Нұрлан Абдуллинның азаматтық некедегі әйелімін деп таныстырды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол әншіні туған баласына көмектеспейді деп айыптады. Бұл туралы ол Ulysmedia.kz YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Арамызда бір ұл бар, алайда қазір далада қалдық, алимент төленбейді, мүлдем көмектеспейді. Ақшасын жас қыздарға шашады», - дейді келіншек.
Қазіргі уақытта Ақмарал сегіз жастағы ұлын өз күшімен өсіріп тәрбиелеп отыр. Ол баласының құқығы үшін соңына дейін күресемін деп бел буып, дәл қазір соттасу үстінде.