Шоу-бизнес

"Ырымдап қойдық": Төреғали Төреәлі жетінші сәбиінің есімін айтты (ФОТО)

"Ырымдап қойдық": Төреғали Төреәлі жетінші сәбиінің есімін айтты (ФОТО)

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Өнер иесі қызының есімін жариялап, жағдайымен бөлісті. 

"Мәриәм — қош келдің, жарық дүниеге! Аллаға шүкір, бүгін жетінші перзентім дүниеге келді. Бұл — жай ғана жаңалық емес. Бұл — өмірдің жаңа тынысы. Жауапкершіліктің жаңа деңгейі. Толқында бұл жолы төртінші рет кесар тілігі болды. Шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай күтіп тұруды емес, осы сәттің ішінде болуды таңдадым. Қызымды өз қолыммен қарсы алдым. Ота үстінде қарап тұру — оңай емес. Бірақ сол бір сәт… ол қорқыныштан да, ауырлықтан да биік тұрды. Бұл — өмірдің қалай басталатынын көру. Бұл — Алланың құдіретін көзбен сезіну. Қызымыздың есімін Мәриәм деп қойдық. Бұл есім — жүрекпен қабылданған шешім. Нағашы атасы @turarbek_tumanshiev_ пен нағашы әжесі екеуі ырымдап, осы атты ұсынды. Ал кіндік әкесі мен кіндік шешесі — менің продюсерім Жан Муканов пен Асыл жеңгем болатын болды. Бұл да — сенім. Бұл да — жақындық. Аллаға сансыз шүкір, анасы да, қызым да аман-есен. Мәриәм, сенің келуің — мен үшін тағы бір белес. Мен енді тек әке емес, жеті баланың алдында жауапты адаммын. Жолың жарық болсын. Өмірің нұрлы болсын. Әкең әрдайым жаныңда. 19:00 / 07.04.2026", - деп жазды әнші. 

Оқырмандары құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды. 

Барлық жаңалық