Жаңалықтар
«Тұңғыштар – ақылды, кенжелер – бұзық»: Баланың нешінші болып дүниеге келгені оның тағдырына әсер ете ме?
Жақында жарияланған ауқымды зерттеу балалардың туылу реті, отбасы және тұлғалық қасиеттер арасындағы байланысты ашты. АҚШ Ұлттық ғылым академияларының еңбектерінде (PNAS) жарық көрген бұл зерттеу жүздеген мың қатысушыдан алынған деректерді талдады.
Зерттеу нәтижесінде үлкен отбасыларда өскен адамдардың адалдық пен келісімге бейімділігі жоғары болатыны анықталды.
Сонымен қатар, ортаншы балалардың ынтымақтастық пен қарапайымдылық деңгейі жоғары екені байқалды.
Туылу ретінің тұлғалық қасиетке әсері көптен бері ғалымдарды және қоғамды қызықтырып келеді. Дәстүрлі стереотип бойынша тұңғыш балалар жауапкершілігі жоғары көшбасшы болса, кенже балалар бұзық әрі назар аударуға құмар саналады.
Алайда, бұған дейінгі көптеген зерттеулер тұлғалық қасиеттердің шектеулі өлшемдерін пайдаланып, бұл идеяларды растай алмады.
Сондықтан кейбір ғалымдар туылу ретін тұлға қалыптасуында маңызды фактор ретінде қарастыруды тоқтатты. Бірақ жаңа зерттеуде Канаданың Брок университетінің профессоры Майкл Эштон мен Калгари университетінің ғалымы Кибом Ли бұл сұраққа қайта оралып, екі маңызды мақсат қойды.
Біріншіден, олар HEXACO моделіндегі кең әрі нақты тұлғалық өлшемдер арқылы бұрын байқалмаған заңдылықтарды анықтағысы келді. HEXACO моделі адалдық, эмоциялылық, экстраверсия, келісімге келгіштік, ұқыптылық және жаңалыққа ашықтық сияқты алты негізгі қасиетті зерттейді.
Екіншіден, ғалымдар отбасындағы бала санының (sibship size) тұлғаға әсерін зерттеуді мақсат етті.
«Бұрынғы зерттеулердің көпшілігі ересектердің тұлғалық қасиеттерінің туылу ретімен байланысы жоқ екенін анықтаған. Бірақ біз он жыл бұрын онлайн зерттеу платформасын іске қосқанда, HEXACO моделіндегі кең қасиеттерді өлшеп, туылу ретін де қостық. Алғашында күтпегенімізбен, кейбір тұлғалық қасиеттердің туылу ретімен байланысы барын байқадық. Содан кейін отбасындағы бала санын қосымша сұрақ ретінде енгіздік», – деді Эштон мен Ли PsyPost сайтына берген сұхбатында.
Ғалымдар hexaco.org онлайн платформасы арқылы жиналған екі ірі деректер жиынтығын талдады. Бірінші зерттеуге 710 000-нан астам ересек қатысса, екіншісінде 75 000-ға жуық адам қатысты.
Қатысушылардың көпшілігі ағылшын тілді елдерден – АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралиядан болды. Зерттеуге қатысушылар HEXACO тұлғалық тестін толтырып, демографиялық ақпарат берді. Олардың туылу реті (тұңғыш, кенже, ортаншы немесе жалғыз бала), жасы және жынысы тіркелді.
Екінші деректер жиынтығында отбасындағы бала саны да көрсетілді. Сонымен қатар, зерттеу негізінен батыстық ағылшын тілді елдерде жүргізілгендіктен, ғалымдар басқа мәдениеттерде отбасылық тәрбие мен динамика басқаша болуы мүмкін екенін ескертті.
«Біз бұл нәтижелердің ағылшын тілінен бөлек, басқа елдерде қаншалықты тұрақты болатынын тексеруді жоспарлап отырмыз», – деді зерттеушілер.
-
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы кезекті жекпе-жегіне аттанды
13:44, 28 маусым 2025
-
Жұмабек Жанықұлов Динара Сәтжанды ерекше құттықтады (ФОТО)
11:32, 28 маусым 2025
-
Ақмолада жас ананың өлімі тіркелді: қайғылы оқиғаға депрессия себеп болуы мүмкін
09:08, 28 маусым 2025
-
-
Білім емес, бизнес: Қазақстанда жалған дипломдар нарығы өршіп тұр
22:29, 27 маусым 2025
-
-
«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек ажырасу себебін айтты
17:25, 27 маусым 2025
-
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты
15:19, 27 маусым 2025
-
Назарбаев Университеті студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді
15:10, 27 маусым 2025
-
"Алтынайдың қыздарынан аумайды": Айгүл Иманбаева немересін көпшілікке көрсетті (ВИДЕО)
14:20, 27 маусым 2025
-
-
-
Білім емес, бизнес: Қазақстанда жалған дипломдар нарығы өршіп тұр
22:29, 27 маусым 2025
-
Назарбаев Университеті студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді
15:10, 27 маусым 2025
-
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты
15:19, 27 маусым 2025
-
«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек ажырасу себебін айтты
17:25, 27 маусым 2025
-
Несие тарихын қалай тексеруге болады?
16:44, 27 маусым 2025
-
Қазақстандықтар рубльден жаппай бас тартып жатыр
16:34, 27 маусым 2025
-
Өнім дизайнері – цифрлы дәуірдің стратегы
17:37, 27 маусым 2025
-
Ақмолада жас ананың өлімі тіркелді: қайғылы оқиғаға депрессия себеп болуы мүмкін
09:08, 28 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
Айсәуле Бақытбек ауыр қайғыдан кейін жан сырын бөлісті
16:59, 25 маусым 2025
-
"Иіскегім келеді": Филармония директоры әншіні сотқа беретінін айтты (ВИДЕО)
11:20, 24 маусым 2025
-
"Аузы жаман, аяғы лас": Наркенже Серікбаева сынға ұшырады
09:56, 25 маусым 2025
-
-
Елдос Сметов пышаққа түсті
15:17, 23 маусым 2025
-
«Басына ота жасатқан»: Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығы туралы ақпарат шықты
07:49, 27 маусым 2025
-
Ішімдік көп ішетін өңірлер қандай?
13:09, 25 маусым 2025
-
Мемлекет басшысы ауыл полицейлерінің еңбек өтілін 1,5 жыл деп есептеуді ұсынды
16:41, 23 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Нарық кімнің қолында? Монополияны билік өзі жасап, өзі жойып жатыр ма?
16:48, 05 маусым 2025
-