Шоу-бизнес

“Тойдың ауылы жақын”: Жазира Байырбекова болашақ келіні жайлы алғаш рет айтты

“Тойдың ауылы жақын”: Жазира Байырбекова болашақ келіні жайлы алғаш рет айтты

Әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасында көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті. 

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның жалғыз ұлы - Қазыбек жуырда шаңырақ көтермекші.

“Тойдың ауылы жақын. Алла қаласа осы Жылқы жылы деп отырмыз. Келінді “келіндей” көру керек дегендермен онша келісе алмаймын. Мысалы, менің қызым бір үйге барғанда оны қалай  қабылдағанын қаласам, мен де келінімді  солай қабылдағым келеді. Бұл жөнінде де әділдік болу керек деп ойлаймын”,- деді Жазира Байырбекова НТК арнасының «REVUE NEWS» бағдарламасына берген сұхбатында.

Барлық жаңалық