Жаңалықтар

Мұнай бағасы максимумға жетті

Мұнай бағасы максимумға жетті

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында әлемдік мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 85 доллардан асып, 2024 жылдың шілдесінен бері алғаш рет осы деңгейге жетті.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 4,45 пайызға өсіп, бір баррель үшін 85 доллардан асты. Бұл туралы Астана уақытымен 10:57-дегі сауда деректері көрсетіп отыр.

Айта кетейік, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте мұнайдың бір баррелі 60 доллар, ал доллар бағамы 540 теңге деңгейінде деп болжанған. Бұл көрсеткіштер экспорттан түсетін кірістерді, әлеуметтік төлемдерді және бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығындарды есептеу үшін пайдаланылады.

 

Барлық жаңалық