Қазақстан Ішкі істер министрлігі Атырау облысында ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты күдіктінің ұсталған сәтін көрсететін бейнежазбаны жариялады ozgeris.info сайты ztb.kz порталына сілтеп.
Күдікті Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында анықталып, ұсталған. Арнайы операция шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізілген. Күдіктінің жанында оның бұрынғы жұбайы – қаза болғандардың қызы да болған. Ол да ата-анасын өлтіру ісі бойынша күдікті ретінде қарастырылып отыр.
Еске сала кетейік, бұл отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалып кеткен. 25 желтоқсанда Атырау тұрғыны полицияға хабарласып, бір айдан астам уақыт бойы ағасы мен оның отбасымен байланысқа шыға алмай отырғанын айтқан.
6 қаңтарда ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. ІІМ орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, қаза болғандардың қызы мен оның бұрынғы күйеуі Қазақстанға экстрадициялауға дайындалып жатыр.