Жаңалықтар

Терроризмді насихаттап, Сирияға кетпек болған күдікті Шымкентте ұсталды

Терроризмді насихаттап, Сирияға кетпек болған күдікті Шымкентте ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен 1 ақпанда Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікке ілінген Түркістан облысының тұрғынын ұстады.
Тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергеліп, тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды. Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Барлық жаңалық