Астанадағы аялдамалардың бірінің жанынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info Azattyq Rýhy сілтеме жасап.
Қала тұрғындары қайғылы оқиғаны суретке түсіріп, желіге жүктеген.
«Бүгін А108 көшесіндегі аялдаманың жанында оқыс оқиға болды. Ер адам тайып құлап, басын жарып алды. Өкінішке қарай, ол көз жұмды», - деп жазылған желіде таралған ақпаратта.
Оқиға орнынан полицияның көлігі мен бірнеше қызметкерді байқауға болады. Біз осы мәселе бойынша Полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасынан мәлімет сұратты.