Жаңалықтар

Астана – Қарағанды тасжолы жабылды

Астана – Қарағанды тасжолы жабылды

Қауіпті ауа райы күрт нашарлап, жауын-шашынның салдарынан Қарағанды – Астана тасжолы көктайғақ болды. Жолаушылар автобусы көпірге шыға алмады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қарағанды облысы полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар Қарағанды – Астана тасжолы уақытша жабылғанын мәлімдеді. 

Патрульдік полиция қызметкерлерінің құрамы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Полиция қызметкерлері қауіпті учаскелерде кезекшілікте болып, жүргізушілерге көмек көрсетіп жатыр.

“Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан ауа райының қолайсыздығын ескеруді, мүмкіндігінше ұзақ сапарға шықпауды және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды”, – делінген хабарламада.

Барлық жаңалық