Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай некесіз туған баласынга алимент төлейтінін растады. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист некесіз туған баласының төңірегіндегі дауды облыс халық қалай қабылдағанын және қанша алимент төлейтінін сұрады.
"Бұл жеке бастың мәселесі. Біріншіден, әлеуметтік желіде жазылып жатқанның бәрі шындыққа сәйкес келмейді. Мен өзім сотқа жүгініп, баламды ресми тану туралы өтініш бердім. Қазіргі таңда заң бойынша алимент төлеп жатырмын. Басында баланы мойындаған жоқпын, бұл менің қатем болды. Облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызовадан туған некесіз ұлыма жалақым 1,9 млн теңгеден алимент ретінде 20–25 пайыз төлеймін”, - деді әкім.