Бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 23 рет шетелге шықты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды.
Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында жазды.
Тоқаев биыл Ресейге, АҚШ-қа, Түрікменстанға екі рет барды.
— Бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 23 рет шетелге шықты. Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге 5 ресми сапар ұйымдастырылды. Ресей (екі рет), АҚШ (екі рет), Түрікменстан (екі рет), БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты мемлекеттерге 16 мәрте жұмыс сапарымен барды, — деп жазды Руслан Желдібай.