Жаңалықтар

Шымкентте ағасы інісіне бүйрегін беріп, өмірін құтқарды

Шымкентте ерекше оқиға орын алды: туған ағасы өзінің інісіне бүйрегін беріп, оның өмірін аман алып қалды. Қазір екеуі де сауығып, үйлеріне қайтқан, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

 

Алихан бірнеше жыл бойы бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен өмір сүрді. Оның әр күні гемодиализ аппаратындағы ауыр ем-шаралармен, үздіксіз уайыммен және шетелге емделуге бару туралы ойлармен өтті. Уақыттың аздығы оны қатты қорқытқан.

 

Осы қиын сәтте көмек қолын созған өз бауыры болды. Інісі үлкен тәуекелге барып, бір бүйрегін беруге келісімін берген.

«Мен екі жылдан бері есепте тұрдым. Ақыры ота жасалды. Біз ауруханада бір аптадан астам болдық. Құдайға шүкір, қазір жағдайым жақсы. Креатинин көрсеткіші төмендеді, бәрі қалыпты», — дейді Алихан Айдаров.

 

Мамандар донор мен реципиент толық медициналық тексеруден өтіп, барлық ресми келісімдер рәсімделгенін айтады. Операция сәтті аяқталып, науқастың бұрынғыдай өте жоғары болған қан қысымы қалыпқа келген.

«Алиханды отаға дайындау кезінде оның қысымы 200–220-ға дейін көтерілетін. Біз 180 көрсеткішінде ота жасауды бастадық. Қазір қысымы 120–130 шамасында тұрақтады. Креатинин 140-қа дейін төмендеді. Жалпы жағдайы жақсы», - деді хирург Ұлжан Мұқанова.

Барлық жаңалық