Шоу-бизнес

Тариф қатесі ме, әлде заңсыз кәсіп пе? Жаңабыловтар кінәсін мойындап, рақымшылық сұрауда

Тариф қатесі ме, әлде заңсыз кәсіп пе? Жаңабыловтар кінәсін мойындап, рақымшылық сұрауда

Прокурордың айтуынша, блогерлердің «Zhana Business» ЖШС арқылы тапқан 247 653 229 теңге табысы қылмыстық жолмен келген. Ол бұл қаражатты тәркілеп, мемлекет пайдасына өндіруді, сондай-ақ 8 су жаңа «Hyundai Elantra» көлігі мен 17 дана «iPhone-16» телефонын конфискациялауды ұсынды. Айыптаушы Ерболат Жаңабыловты сот залында бірден қамауға алуды, ал Эльмира Төлегенованың жас балалары болғандықтан, жазасын өтеуді бір жылға шегеруді сұрады деп хабарлайды ozgeris.info сайты ulysmedia.kz ке сілтеп.

Сотта тергеуші Абзал Әлімханов та жауап берді. Ол Жаңабыловтардың «қысым көрсетілді» деген уәждерін жоққа шығарып, блогерді жала жапқаны үшін сотқа беретінін мәлімдеді. Адвокат Гаухар Айтжанова болса, тергеудің шикі тұстарын атап өтті. Атап айтқанда, іс материалдарындағы «ұтыс барабанының» шын мәнінде виртуалды болғанына қарамастан, тергеушінің сотқа белгісіз аккаунттан алынған мүлдем басқа фотоларды дәлел ретінде көрсеткеніне наразылық білдірді.

Сот отырысынан кейін Жаңабыловтар БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады. Олар заңсыз кәсіпкерлік бойынша (214-бап) кінәсін мойындап, жасаған істеріне өкінетінін айтты.

«Біз өкінеміз. Қылмыстық қудалау орбитасында ұзақ уақыт жүру отбасымыз бен балаларымызға қатты әсер етті. Біз соттан бас бостандығымыздан айырмайтын жаза тағайындауды сұраймыз», — деді Эльмира Төлегенова.

Ерболат Жаңабылов бұған дейін «неге басқа блогерлер тек әкімшілік айыппұлмен құтылды, ал бізге қылмыстық іс қозғалды?» деген сұрақ тастап, бұл процесті «таңдамалы әділдік» деп атаған болатын.

Соттың келесі отырысы 23 сәуірге жоспарланған. Онда подсудимыйлар соңғы сөзін айтады, содан кейін сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

Барлық жаңалық