Қоғам

«15 жыл бойы үлкен үмітпен күткен»: Түркістанда 41 жастағы әйел үшемді дүниеге әккелді

«15 жыл бойы үлкен үмітпен күткен»: Түркістанда 41 жастағы әйел үшемді дүниеге әккелді

Түркістан қаласында үшем дүниеге келді. Нәрестелердің ата-анасын қала әкімінің орынбасары арнайы құттықтаған, деп хабарлайды ozgeris.info.

Түркістан облыстық әкімдігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 41 жастағы Марина Әуезханқызы бұл бақытты сәтті 15 жыл бойы үлкен үмітпен күткен.

Жұбайлардың 17 және 15 жастағы екі перзенті бар. Араға жылдар салып, отбасының қуанышы еселеніп отыр. Дүниеге үшем келген. Сәбилерге ата-анасы Айқын, Айдын және Арсен деп ат қойған.

Қуанышты сәтке орай перзентханадан шығару рәсіміне Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, нәрестелердің ата-анасына қала әкімінің құттықтауын жеткізіп, отбасыға ізгі тілегін білдірген.

Барлық жаңалық