Samsung Electronics директорлар кеңесінің төрағасы Ли Чжэ Ён 19 айып бойынша толығымен ақталды. Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты оны есеп-қисаптағы алаяқтық пен акциялармен манипуляция жасады деген айыптардан кінәсіз деп тапты, деп жазады Ozgeris.info.
Сот процесі 2014 жылдан бері жалғасып келген. Айыптар Cheil Industries пен Samsung C&T компанияларының бірігуіне байланысты қозғалған болатын. Прокуратура Ли Чжэ Ёнды 5 жылға соттауды талап еткен, бірақ сотта мәміленің заңсыз жүргізілгенін дәлелдейтін нақты айғақ табылмады.
Samsung негізін қалаған әкесінен кейін Ли Чжэ Ён 2014 жылдан бері компанияны бейресми басқарды. Ол 2022 жылы ресми түрде директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін, 2021 жылы экс-президент Пак Кын Хеге пара берді деп 2,5 жылға сотталған еді, бірақ сол жылдың тамызында шартты түрде босап шықты.
Ақтау туралы жаңалықтан кейін Samsung акциялары 3,1%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері компанияның акциялары 25%-ға өскен.