Танымал әнші Алтынай Жорабаева өзін «мақтаншақ» деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Өнер иесі 15 сәуір – Ғашықтар күнінде жолдасынан алған сыйлығын әлеуметтік желіде бөліскен. Оның айтуынша, бұл әрекет мақтану емес, керісінше, оқырмандарымен байланыс орнатудың бір жолы.
«Жаңа видео жарияласам, мені “мақтаншақ” дейтіндер бар. Бірақ сіздер де өз қуаныштарыңызды бөлісіңіздер. Жақсы сәттеріміз көп болсын. Қазір – әлеуметтік желі дәуірі. Қуанышымызды жасырып қалмай, бөлісу қалыпты нәрсе. Бұл мақтану емес. Оқырмандарым бар болғандықтан, өз өмірімдегі жаңалықтарды айтып отырғанымда тұрған ештеңе жоқ», – деді әнші.