Қоғам

«Жаны жұмақта болсын»: Белгілі актер, халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден өтті

«Жаны жұмақта болсын»: Белгілі актер, халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден өтті

Белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден озды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram желісіндегі арнасында Қазақстанның халық әртісі, белгілі актер, театр режиссері, профессор, платиналы "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының, "Парасат" және "Барыс" ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтты.

"Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын. Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді. Ол тәрбиелеген буын, сахналаған туындылар мен қалыптастырған көркемдік ұстаным қазақ театрының алтын қорында қала бермек.

Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Есмұхан Несіпбайұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз", - делінген хабарламада.

Барлық жаңалық