Танымал актер Нүркен Иманқұлов отбасында қуанышты жаңалық болды – өнер иесі ұлды болды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Актер бұл жаңалығымен өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында бөліскен.
Ол сәбиге Әбдез Алан Нұркенұлы деген есім бергенін айтып, оның мағынасына да тоқталды.
«АЛАН – жолбарыстың күшігі, баһадүр, қайратты, жүректі, қорғаушы деген мағына береді. Менде қандай да бір маңызды күн болса, осылай жаңбыр жауып тұрады. Бұл да бір қуаныш! Баршаңызға рахмет!» – деп жазды актер.