Танымал әнші Гүлмира Ізбасхан "Кездесу" Youtube жобасына сұхбат берді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Өнер иесі неліктен тұрмысқа шықпай жүргенін айтты.
Айтуынша мұның бірден бір себебі-жігіттердің маңына жолауға қорқуы.
"Жігіттер жақын сөйлескеннен кейін ғана менің қандай екенімді түсінеді. Ал бір қараған кезде менің жаныма жақын келуге қорқады. Менің мысым жеп қояды. Аталарым бар. Оқытылуға барған кезде де сенің аталарың бар екен, жігіттерді жолатпайды екен деп айтып тұрады. Мен жолататындай оқып беріңізші деп айтамын", - деді әнші.
Желі қолданушылары Гүлмираның бұл мәлімдемесіне таң қалып түрлі пікір қалдырды.