Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде атыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атып (бірнеше), салдарынан өзі оқиға орнында көз жұмған. Ал тағы бір келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алған.
"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ.
Тергеу барысы ІІМ-нің әскери-тергеу департаменті бақылауында. Қазақстандықтардан тексерілмеген ақпаратты таратпау сұралды.