Алматы облысында Қытайдың Shanghai SpaceSail компаниясы ұсынған спутниктік интернет алғаш рет сынақтан өткізілді, деп жазады Ozgeris.info.
Aрнайы төмен орбиталық спутниктер арқылы шалғай аймақтарға интернет жеткізетін жаңа технология әлем елдерінде танымал. Сынақ барысында интернеттің жылдамдығы 200 Мбит/с-ке дейін жеткен. Яғни, бұл ауылдардағы мектептер мен ауруханаларға, жол үстіндегі мобильді топтарға, тіпті байланыс нашар инфрақұрылымға да сапалы интернет жетеді деген сөз.
Shanghai SpaceSail компаниясы 2026 жылдан бастап Қазақстанда бұл қызметті ресми түрде іске қосуды жоспарлап отыр. Егер бәрі ойдағыдай болса, алдағы жылдары интернет жетпеген ауылдарда да жоғары жылдамдықты желі қолжетімді болмақ.